Павлодарды қалың тұман басты

Синоптиктер табиғаттың бұл құбылысын ауа температурасының күрт өзгеруімен байланыстырады. Ал Төтенше жағдайлар департаменті ескерту жариялады. Қою тұман көлік қозғалысына да кедергі келтіріп жатыр. Жолдарда көру қашықтығы 100 метрден аспайды. 

Жалпы өндірісті өңірде мұндай жағдай жиі болады. Желсіз, тынық күндері зауыттардан шығатын түтін ауада тұрып қалады. Экологтар ауа құрамын зерттеу үшін облыс аумағындағы экологиялық бекеттерге аттанды.

Жомарт Кәрімов, облыстық Экология департаментінің мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімінің басшысы:

- «Қазгидромет» метеорологиялық жағдайдың нашарлайтынын ескертті. Бүгін сағат түскі 12-де желсіз, тынық ауа райы күтіледі деп болжап отыр. Біздің  зертханамыз Павлодар қаласы бойынша ауаның сапасын бақылайды. Көрсеткіш қалыпты мөлшерден асқан жағдайда Экология департаменті санитарлық-қорғау аймақтарын ластаушы кәсіпорындарға мониторинг жүргізеді.