Қ. Бозымбаев Түркістан облысындағы су қоймаларын аралады
Түркістан облысында су арналары тазартылып, 20 ауылды су басу қаупінің алдын алды, деп хабарлайды 24KZ. Вице-премьер өңірге жұмыс сапарымен барып, көктемгі тасқынға дайындықты пысықтады. Қанат Бозымбаев «Бөген», «Шардара» және «Бәйдібек ата» су қоймаларын аралап шықты.
Жалпы облыста 42 су қоймасы бар. Қазір Шардара су қоймасы 86%-ке толды, бұл былтырғы межеден жоғары. Мамандар су деңгейін бақылауда ұстайды. Ал оңтүстіктегі ең көне су қоймаларының бірі «Бөген» жөндеуді қажет етеді. Ол 1962 жылдан бері жұмыс істеп келеді. «Бәйдібек ата» су қоймасының құрылысы көктемгі тасқын суларды жинау мақсатында басталған еді. Өңірде гидроқұрылыстарды жаңғырту мақсатында құны 134 млрд теңге болатын 27 жоба қолға алынған.