Талдықорғандық жастар қамкөңіл қарттарға көмек көрсетті

Талдықорғандық жастар жалғызілікті қамқкөңіл қарияларға көмек көрсетті, деп хабарлайды 24KZ. Студенттер барған бірінші үй София Гвоздиковаға тиесілі. 40 жыл құрылыс саласында еңбек еткен ол қазір жалғыз тұрады. Қардың қалыңдығынан қауқары қайтқан жанның есік алдында жүріп-тұруы қиындаған. Волонтерлер ауланы тазалап бергеннен кейін кейуананың үйіне кіріп-шығуы жеңілдеді.

Игі іс «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылды. Экожоба қолға алынғалы Жетісу облысындағы елді мекендерден 12 800 тоннадан аса тұрмыстық қалдық шығарылған. 200-ге жуық саябақ пен 700-ден аса тарихи- мәдени ескерткіш тазартылды. 

София Гвоздикова, Талдықорған қаласының тұрғыны:

- Жастарға көп рақмет. Олардың денсаулығы мықты болсын. Өзара тату-тәтті, аспанымыз ашық болсын.

Шырай Саматқызы, «Мейірімді-Жетісу» волонтерлік фронт-офисінің жетекшісі:

- Осы уақытқа дейін біз облысымызда 20 шақты осындай акция ұйымдастырғанбыз. Алдағы уақытта да осындай акциялар жалғасын табады.