Шымкентте веложолдар желісі кеңейтіледі
Қаланың ескі және жаңа бөлігін бір бағытқа тоғыстыру үшін жасалады, деп хабарлайды 24kz.
Қала билігі : «Тұрғындар автокөлігін велосипедке ауыстырса», - дейді. Себебі, шаһарда көлік көбейіп, экологиялық ахуал нашарлап барады. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мамандарының мәліметінше, қала аумағында транзиттік көліктерді қосқанда күніне 600 мыңнан астам көлік жүреді. Веложолдар желісі жаңғыртылғаннан кейін велосипедті қолжетімді қылу мәселесі қаралады. Бұған дейін инвестициялық жоба аясында велостанциялар орнатылған болатын. Бірақ былтыр кәсіпкермен арадағы келісімшарт бұзылды. Әкімдік өкілдерінің мәліметінше, компания міндетін орындамаған, сапалы қызмет көрсетпеген. Ал, велостанциялар тоз-тозы шығып, бұзыла бастады.
Өмір Қалыбаев, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары:
- Ескі қалаға жағындағы көшелерде веложолақтар бар. Республика даңғылы, Иляев, Асқаров көшелерінде веложолдар бар. Енді соны жаңа қала, Әкімшілік-іскерлік орталықпен қосуымыз қажет. Яғни, шеңбер жасау арқылы қосуымыз қажет, соған қазір көшелерді қарастырып жатырмыз, қай көшелерден салатынымызды.