Астанада Бейжің декларациясының 30 жылдығына орай жиын өтті
Қазақстанда әйелдердің құқығы мен теңдігі барынша қорғалып отыр.
Бұл туралы Бейжің декларациясы мен Іс-қимыл платформасының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған жиында айтылды. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ең алдымен әйелдердің теңдігін қамтамасыз етіп отырған Ата заңды атап айтты. Сондай-ақ еліміздегі Әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссияның жұмысы да Бейжің+30 декларациясының бір көрсеткіші. Былтыр ғана қабылданған Әйел құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заң бар. Басқосуда әйелдерді қорғау отбасынан, күнделікті сый-құрметтен басталатыны да сөз болды.
Камила Тұяқбаева, БҰҰ Қазақстандағы жастар кеңесінің төрағасы:
- Жыл сайын 400-дей әйел қаза табады. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың салдарынан деген статистика бар. Біз тіпті оған да ешқандай мән бермей, норма ретінде көріп үйреніп қалғанбыз. Сондықтан зорлықпен күресу, әйелдер теңдігі үшін күресу, бұл өте кішкентай нәрселерден басталады.