Антикор IAACA басқарушы органының құрамына енді
Антикор Халықаралық жемқорлыққа қарсы қауымдастықтың басқарушы органының құрамына кірді, деп хабарлайды 24KZ. Бұл ұйым – 180-нен астам сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктер мен халықаралық ұйымдарды біріктіретін жетекші жаһандық алаңдардың бірі.
Қазақстанмен қатар атқару комитетінің құрамына Гонконгтың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Тәуелсіз комиссиясын, Малайзия мен Сингапурдың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияларын қоса алғанда жетекші сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдардың басшылары кірді. Агенттік осы ведомстволармен сындарлы және ұзақмерзімді ынтымақтастықты дамытуға ниетті.