Мемлекеттік сатып алудың мерзімі қысқарды
Енді конкурстар мен аукциондар бойынша жеңімпаз ең ұзақ дегенде 10 жұмыс күні ішінде анықталады. Бұл жайлы Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл хабарлады.
Конкурс тәсілімен өтетін сатып алу бойынша тиісті құжаттаманы талқылау 5 күннен 2 жұмыс күніне дейін, өтінімдерді қабылдау 15 күннен 5 жұмыс күніне дейін, өтінімдерді қарау және қорытындылау 10 күннен 3 күнге дейін қысқартылды. Сондай-ақ рейтингтік-балдық жүйені қолдану арқылы өтетін конкурс 5 күнге дейін азайды. Бұрын бұл процесс 29 күнге созылатын еді. Бұдан бөлек, жеңімпаздарды анықтауда жергілікті компанияларға басымдық беріледі.
Дәурен Кеңбейіл, ҚР қаржы вице-министрі:
- Жаңа заң бойынша жергілікті компанияларды қолдау бойынша шаралар қолданылды. Жергілікті компанияларды қолдау балы 1 балдан 2 балға өсіп отыр. Бұл жергілікті жерде тіркелген компанияларға үлкен мүмкіндік беріп отыр. Біз бүгінгі күні белігілі бір қорытындыларды көріп отырмыз. Осы рейтингтік балдық жүйе бойынша көп өңірлерде мердігерлер таңдалынып алып отыр.