Шымкентте автокөлік шиналары қайта өңделеді

Шымкентте автокөлік шиналары толығымен қайта өңделетін болды. Бұл ел экологиясын оңалту үшін жасалған батыл қадам. Себебі ыдырау мерзімі 100 жылдан асатын дөңгелектің қоршаған ортаға залалы зор. Осыған орай өнеркәсіпті дамыту қорының қолдауымен өңірдегі өңдеуші зауыт қайта жарақталды.

Заманауи құрал-жабдықтар өндіріс көлемін екі есе арттыруға мүмкіндік берді. Мұнда жылына 10 мың дана ескі автошинаны өңделеді. Дайын өнім, яғни резеңке қиыршықтары балалар және спорттық алаңдарға төсеуге қолданылады.

Бауыржан Айгенжеев, компания құрылтайшысы:

- Біз мынау резинаның майда ұнтақтарынан регенерат шығарамыз. Бұл енді регенерат – каучуктың орнына жүретін нәрсе. Одан әрі қарай дайын резина істеп, ол резинадан дайын өнім шығарамыз. Бұл жерде ешқандай қалдық қалмайды. 100% барлығын залалсыздандырамыз.