Француз студенттерінің қазақ тіліне қызығуы артты
Париждегі Шығыс тілдері мен өркениеттер ұлттық институтында қазақ тілі осымен екінші жыл қатарынан оқытылып жатыр.
Білім ордасы өкілдерінің айтуынша, кейінгі жылдары студенттер арасында Орталық Азияға, әсіресе Қазақстанға деген қызығушылық артып келеді. Қазақ тілін оқытуға қолдау көрсету мақсатында Қазақстанның Франциядағы Елшілігі институтқа арнайы оқулықтар мен француз тіліне аударылған көркем әдебиеттер табыстады. Бұл кітаптар Париждің 7 жоғары оқу орнының студенттері пайдаланатын Булак ((BULAC)) университет кітапханасының қорын толықтырады. Қазақстанның Франциядағы елшісі Гүлсара Арыстанқұлова, сондай-ақ шетелдіктерге қазақ тілін үйрететін онлайн курстар туралы да айтып берді. Ол тегін. Сол арқылы қазақ тілін меңгергісі келетіндердің санын арттыруға мүмкіндік мол.
Катрин Пужоль, Шығыс тілдері мен өркениеті ұлттық институтының профессоры:
- Біздің Институтта 500-ден астам тіл оқытылады. Әлем тілдерін меңгеруде мол тәжірибеміз бар. Бастысы, қажетті оқу құралдары болса жеткілікті. Мына кітаптар қазақ тілін дамыту жолындағы маңызды қадам болды. Бүгін сіздер кітап табыстау рәсіміне қатысқан көптеген студенттерді көрдіңіздер. Бізде қазақ тілі екінші жыл оқытылып жатыр, және оған қызығушылық танытатын студенттердің саны артып келеді. Бұл өте жақсы үрдіс.
Құралай Қалиева, қазақ тілінің мұғалімі: