Жамбыл облысында алаяқтық дерегі артқан
Жамбылда алаяқтық дерегі азаймай тұр, деп хабарлайды 24KZ. Былтыр аймақта 250-ге жуық тұрғын интернет алаяқтардың арбауына түсіп ақшасынан айырылып қалған. Ал Жамбыл ауданының өзінде 24 қылмыскер ауыл адамдарының қаржысын жымқырып кеткен.
Берілген мәліметке сүйенсек, алаяқтық фактілері бір жылдың ішінде 60%-ке артқан. Солардың бірінде әйел адам «ірі сауда орнында есепшімін, мал етін сатып берем», – деп арбаған. Оған сенген 6 шаруа 16 миллион теңгенің тауарынан айырылып отыр. Осындай қылмыстардың алдын алу үшін аудан прокурорлары халықпен тұрақты түрде кездесулер ұйымдастырып, «Заң мен тәртіп» акциясы аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл халықтың құқықтық сауатын арттыруға және қылмыстың алдын алуға көмектеседі. Аса ауылында бүгін өткен жиында жұрт құқық қорғау органдарына көкейдегі сауалдарын қойып, жауап алды.
Мейірлан Садықов, Жамбыл ауданының прокуроры:
- Аудан халқының құқықтық санасымен бірге мәдениетін арттыру. Құқықбұзушылықтардың түрлері мен сол сияқты алаяқтың деректері бойынша олардың тәсілдерін жолдарын, аудан тұрғындарымен бірге түсірдіру жұмыстарын жүргіздік. Демек адам халық қылмыстық құқықбұзушылықтың себеп-салдарын білсе, ол ертең сақтануға бірден-бір септігін тигізеді деген сенімдеміз.