«Жұмысшы мамандықтар қаласы»: аграрлық секторды кадрмен қамту мәселесі талқыланды
Ауыл шаруашылығын білікті кадрлармен қамту мәселесі «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі аясында талқылады, деп хабарлайды 24kz.
Бүгінде бұл салада 300 мыңнан астам өндіруші ісін дөңгелетіп отыр. Олар 1 млн-нан астам адамды жұмыспен қамтыды. Солардың басым бөлігі – жұмысшы мамандық иелері.
«Еңбеккерлердің кәсіби қарымын арттырып, біліктілігін жетілдіру өзекті», - дейді сарапшылар. Іс-шарада агрокешенді білікті кадрлармен қамтудан бөлек, техникалық базаны нығайту, ғылыми ізденістерге басымдық беру жайы сөз болды.