Ақмола облысында үш азамат қар құрсауынан құтқарылды

Ақмола облысы Жақсы ауданында құтқарушылар қар құрсауында қалған үш азаматты құтқарды. Жолаушылар жүк және жеңіл көліктермен сапарға шыққан. Алайда аудан орталығынан 65 шақырым жерде қар құрсауынан шыға алмай қалды. Мамандар оқиға орнына жедел түрде жол талғамайтын «Трэкол» техникасымен барып, тұрғындарды аман алып қалды. 

Оларды жылыту пунктіне жеткізді. Абырой болғанда, ешкім медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ. Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға қыс мезгілінде сақтық шараларын сақтап, жолдағы ықтимал қолайсыз жағдайларға дайын болу қажеттігін ескертеді.