Олжас Бектенов «Сергеев» су торабына барды
Қамданған қапыда қалмайды. Бүгін Үкімет басшысы Солтүстік Қазақстан облысының су тасқыны кезеңіне дайындығын тексерді.
Арнайы жұмыс сапары барысында Олжас Бектенов «Сергеев» су торабына барды. Петропавл қаласындағы 1-ші көтергіш сорғы станциясы мен бөгеттің бекінісін жаңалау жұмыстарын көрді. Қос нысан аймақтағы елді мекендерді апаттан қорғауда негізгі бекініс саналады. «Сергеев» су торабы – Есіл өзені ағынының негізгі реттеушісі. Өткен жылғы тасқын кезінде төменгі саласында су мен мұз мол жиналып, салдарынан сол жағалаудағы топырақ шайылып кеткен болатын. Бүгін Үкімет басшысына жасанды құрылыстар, атап айтқанда, Сергеев және Петропавл су тораптары бойынша ауыр жүк көліктерінің қозғалысын бақылауды күшейту туралы баяндалды.
Шұғайып Ибатуллин, «Қазсушар» РМК Солтүстік Қазақстан филиалының директоры:
- 2024 жылы су тасқыны кезінде ешқандай бұзылу болған жоқ. Тек қана Сергеев су қоймасы 200 текше метрден балшықты су шайып кетті. Енді оған республикалық бюджеттен 64 млн теңге ақша бөлініп, 1500 текше метрден астам тас төселді. «Қазақстан Демеу» қорынан биылдыққа 278 млн теңге бөлінген болатын. Ол ақша осы екі көпірдің су өткізуін тексеру жұмысы жүргізілді.