Алматыны жылумен жабдықтау жоспары әзірленді

Алматыны жылумен жабдықтау жоспары әзірленді, деп хабарлайды 24KZ. 2040 жылға дейін шаһардағы жылу желілерін жаңғыртып, ескірген технологиялар мен жабдықтарды ауыстыру жұмыстары жүрігізіледі. Шығынды азайту үшін қашықтан басқарылатын құбырлар төселеді. Қала шетіндегі аудандарға жаңа қазандықтар салынады.

Жалпы мегополисте жыл сайын 40 шақырымға жуық құбыр ауыстырылады. Дегенмен жылу желісінің негізгі бөлігі 25 жыл бұрын салынған екен. Енді 2040 жылға қарай тозған құбырды 20%-ке азайту жоспарланып отыр.

Нұрбақыт Серікбай, қалалық энергетика басқармасы басшысының м.а.:

- Толықтай жаңа технологиялар бізде көрсетілген. Баяндамада айтып өткендей, бізде жаңа парагазды қондырғылар орнатылады. Бұл жылу энергиясын өте тиімді қолдануға мүмкіндік береді. 2040 жылға қарай Алматы қаласының жылу энергиясына деген қажеттілік 30%-ке өседі. Бұл шамамен 2021 гигакалория/сағатты құрайды.