Апат болған шахтада жеті кеншінің сүйегі табылды. LIVE

«Қазақмыс» басшылығы мен ұжымы қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Кеше шахтада қалып қойған 7 кеншінің сүйегі табылды. Ұлытау облысында «Қазақмыс корпорациясына қарасты «Жомарт» кенішінде шахта опырылып құлаған еді. Опырылған аумақтың арғы жағында 7 кенші қалып қойып, олармен байланыс орнатуға жерасты кабелінің үзіліп қалуынан мүмкіндік болмаған еді.

Өкінішке орай, бірер сағат бұрын жеті кеншінің де тек сүйегі табылды. Жезқазған қаласынан 200 шақырымнан аса қашықта орналасқан сол кенішке біздің тілшілер де жетті. 

Елдос Кәкенов, тілші