Апат болар алдында бірнеше рет дүмпу болған. LIVE

Шахтада қалып қойған 7 кеншінің сүйегі шығарылды.

Жезқазған қаласынан 200 шақырымнан аса қашықта орналасқан сол кеніште біздің тілшілер де жүр. Қандай мәлімет айтылып жатыр? Мамандар не дейді?

Елдос Кәкенов, тілші:

- Қазір апат болған жерде тергеу амалдары жүріп жатыр. Апаттың нақты себебі әзірге белгісіз. Осында жүрген жұмысшылармен сөйлескенде білгенім: кеше сағат тоғыздарда апат болар алдында бірнеше рет дүмпу болған.