Жүк көліктерінің салмағын автоматтандырылған жүйе өлшейді
Маңғыстау облысында жүк көлігінің салмағын автоматты түрде өлшейтін жүйе орнатылады, деп хабарлайды 24KZ. Мамандардың мәліметінше, артық жүк тасымалдау салдарынан республикалық және жергілікті маңыздағы жолдар мерзімінен бұрын бүлініп жатыр.
Былтыр ереже бұзған көлік жүргізушілеріне 83 млн теңге айыппұл салынған. Көп жағдайда карьерден құм-тас тасымалдайтын көліктер шамадан тыс тиеп алады. Сол себепті көліктің салмағын автоматты түрде өлшейтін цифрлық құрылғыны Маңғыстау мен Қарақия ауданының аумағында орнату жоспарланып отыр.
Айта кетсек, өңірде республикалық маңыздағы 1013 шақырым жол бар. Оның 95%-і асфальтталған.
Қазбек Мәмбетов, «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы филиалының директоры:
- Ауыр жүк көліктері көп зақым келтіреді жолдарға. Просадка, трещиналар болады. Сондықтан сол проблеманы шешу үшін қазіргі уақытта автоматтандырылған жүйе дейміз, соны биыл салуға жоспарлап отырмыз. Оның 2 нүктесі бар. Біреуі Жетібайдың қасында, біреуі Сайөтестің қасына. Неге олай? Өйткені Шетпеден қиыршық тас шығады. Біреуі Ақтауға келетін болса, біреуі Атырауға басқа жаққа кетеді. Сол тасымалдаған кезде жолға зақым келтірмеуі үшін осы шараны қолданайын деп отырмыз.