«Жомарт» шахтасындағы апат себептерін анықтайтын комиссия жұмысын 10 күнде аяқтайды

«Жомарт» шахтасындағы апат себептерін анықтау жөніндегі үкіметтік комиссия жұмысын 10 күнде аяқтауға тиіс.

Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев комиссия жұмысының барысын баяндады. Қазір шахта қызметі тоқтап тұр. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, онда табиғи газ жарылған. Осы ретте арнайы екі комиссия құрылды: біреуі апат себептерін, екіншісі қауіпсіздік ережелерінің қай арада  бұзылғандығын анықтайды. Қос комиссия 10 күн ішінде жұмысын бітіруге міндетті. Апат орнында Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық жедел штабы ашылды. Сенім телефоны желісіне 23 қоңырау түскен.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен қаза тапқандардың отбасыларына қажетті қолдау көрсетіледі.