SWAT Challenge 2025 сайысында жүлдегер атанған ару шеберлік сабағын өткізді

«THE UAE SWAT Challenge 2025» алтыншы халықаралық жарысының жүлдегері Ризагүл Аңдасова жас сарбаздарға шеберлік сағатын өткізді.

Павлодардағы Қабанбай батыр атындағы «Жас сарбаз» мектеп-лицейінің тәрбиеленушілері қайсар қыздың қызметімен танысты. Ризагүл  жылдам қимылдайтын арнайы жасақ туралы  әңгімелеп, өзін -өзі қорғаудың қарапайым тәсілдерін  көрсетті.   Білікті маман болып қалыптасуыма спортқа деген қызығушылығым ықпалы етті -дейді ол.  Жас кезінде волейбол, баскетболмен айналысқан қыз кейін  шығыс жекпе-жегін меңгерген. Мергендігімен де көзге түскен.

Ризагүл Аңдасова, облыстық ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ инспекторы:

- Джиу-джитсудан жақсы нәтиже көрсетіп, Қазақстан мен Азия чемпионы атандым. Мергендік шеберлігімді де шыңдап келемін. Бұл біздің қызмет үшін өте маңызды. Облыста үнемі жүлделі орындарға ие болатынмын. Осылайша Дубайдаға жолдама алдым.

Ділназ Тілен, "Жас сарбаз" мектеп-интернатының тәрбиеленушісі:

- Ризагүл Аңдасованың көрсеткен әдістері  қатты ұнады. Дубайда өзін көрсеткен чемпионды шын өмірде көрген өте қатты күшті екен. Мен болашақта ІІМ саласына түскім келеді, академиясына, ары қарай өзімді сол салада көремін.