Елордада республикалық ата-аналар форумы өтті
Елордада «Кемелдену жолындағы 5 қадам» атты республикалық ата-аналар форумы өтті, деп хабарлайды 24KZ. Елдің әр өңірінен келген 400-ге тарта ата-ана мен ұстаздар блім берудегі өзекті мәселелерді талқылады.
Сондай-ақ жиында жастар арасындағы қауіпті іс-әрекеттің алдын алу, адал еңбек етіп, табысқа жетудің жолдарын ұсынды. Ал форумға қатысқан оқушылар көпшілікке өз жобаларын таныстырды.
Дархан Өте, «Білім-Инновация» ХҚҚ президенті:
- Оқушылар мұны өз ғылыми жобалары арқылы 5 кеселді қалай түсінетіндігін бізге ұсынып отыр. Қазіргі балалардың ерекшелігін назарға ұстайтын болсақ, ата-аналардың да рөлі өте маңызды. Отбасы да кішігірім микроклимат болғандықтан, мектептегі жасалып жатқан құндылықтарға ата-ана да атсалысуы керек. Сонда ғана біз мықты, саналы ұрпақты тәрбиелеу мүмкіндігіне ие боламыз.