БҚО-да төрт күнде 1302 жол ережесін бұзу фактісі тіркелді
Батыс Қазақстан облысында 4 күн ішінде 1302 жол ережесін бұзу фактісі тіркелді, деп хабарлайды 24kz.
«Қауіпсіз жол» алдын алу шарасы аясында 25 адам мас күйде көлік жүргізгені үшін ұсталды. Ал 35 азаматтың басқару құқығынсыз рөлге отырғаны әшкереленсе, бұрын жүргізуші куәлігінен айрылған 8 тұлғаның қайтадан көлік тізгіндеп жүргені анықталды.
Ерлан Орынбасаров, Орал қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының взвод командирі:
- Мас күйде көлік жүргізген тұлғалардың барлығы да ҚР Әкімшілік-құқықбұзушылық кодексінің 608-бабы, 1-бөлігіне сәйкес 7 жылға көлік жүргізу құқынан айрылады және 15 күнге қамалады. Ал басқару құқығынсыз рөлге отырғандарға айыппұл салынады. Жолдың қарсы бетіне шығып кеткендерге де қатаң жаза қолдынылады.