NASA Айдан су іздейтін құрал ұшырды

NASA "Лунар Трейлблейзер" ((Lunar Trailblazer)) деген ғарыш құралын ұшырды.

Ол Айдан су іздейді. Модуль тиеген зымыран АҚШ-тың Флорида штатындағы ғарыш айлағынан көкке көтерілген. 

«Лунар Трэйлблэйзерде» термобейнелеу камерасы орнатылған. Ол Айдағы температураны өлшейді, бедерін зерделейді және судың бар-жоғын, табылса көлемі мен тұрған жерін айқындайды. NASA бұған дейін Айдағы көлеңкелі кратерлерде 600 миллион тонна мұз бар екендігін анықтаған болатын. Яғни су да болуы мүмкін деген сөз. Ғалымдар су табылса, оны ішуге, жанармай отыны мен оттегі көзіне айналдыруға болады деп топшылайды.