ЕҰУ-да елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібекұлымен кездесу өтті
Ұлттық рәміз – ұлт пен ұлыстың мерейі. Еуразия ұлттық университетінде елдігімізді айшықтаған басты нышан – елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібекұлымен кездесу өтті, деп хабарлайды 24kz.
Алғыс айту күні қарсаңында ұйымдастырылған тағылымды шараға оқу ордасының суденттері мен ғалымдары қатысты. Жиналған қауымға алдымен аңыз тұлғаның тағылымды өмір жолынан сыр шертетін бейнебаян көрсетілді. Мұнда ұлттық рәміздің тарихы мен мән-мағынасы баяндалған. Жандарбек Мәлібекұлы тәуелсіздіктің елең-алаң тұсында еліміздің өткерген күрделі кезеңдері туралы әңгімелеп, жастарға отаншылдық сезімнің әрдайым басты орында болу керектігін айтты.
Жандарбек Мәлібекұлы, ҚР Мемлекеттік елтаңбасының авторы, профессор:
- Мынау Конфуцийдің сөзі бар екен, мемлекет өзінің рәміздері үшін ғана күреседі дейді. Сондықтан біздің рәміздерімізді құрметтесе, оны тани білсе, қанша дәріптеу білсек. Жасаған шараларда ізет көрсетіп жатқандығы. Бізде сыйластық мектебі бар. Бүгінгі жұмыстың бір кереметтігін содан көруге болады.