Ауыл шаруашылығы өнімін өндіретіндер қосымша құн салығынан босатылады

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретіндер қосымша құн салығынынан толықтай босатылуы мүмкін, деп хабарлайды 24kz.

Бұл саладағы бәсекелестікті арттыру үшін жасалып отыр. Ал денсаулық сақтау саласында кәсібін дөңгелетіп отырғандарға салықтың аталған түрі 10%-тен аспайды. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин мәлімдеді. Бүгінде қосымша құн салығының мөлшері 16% деңгейінде болатыны айтылды. Ал құн салығын төлейтін компанияларды тіркеу шегі 78 млн-нан 15 млн теңгеге дейін қысқармақ. Ведомство өкілдерінің есебінше, бұдан бюджетке қосымша 3 триллион теңге кіріс түседі.

Азамат Әмрин, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі:

- Инфляция қысқа мерзімді болады. Жыл ішінде 2027-2028 жылдары теңеседі. Мұның барлығы алдын ала зерделенді. Жиналған қаражат экономикаға серпін беруі тиіс. Осылайша, инфрақұрылым, білім, денсаулық сақтау салаларын дамытуға қосымша қаржы көзі пайда болады.