Алматының орталығына ескі көліктердің кіруі ақылы болуы мүмкін

Бұл шара әлемдегі ірі мегаполистердің тәжірибесіне сүйене отырып, ауаға тарайтын зиянды қалдықтардың мөлшерін азайту мақсатында қолға алынуда.

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді. Бастама жақын уақытта қоғамдық кеңес пен мәслихаттың талқылауына ұсынылады. Ал электромобильдер мен жаңа көлік иелері үшін бұл шектеулер қолданылмайды. Сонымен қатар қалада қоғамдық көліктің жұмысын жетілдіру мақсатында LRT желісін дамыту және бірнеше жаңа метро бекетін салу жоспарланып отыр.

Ерболат Досаев, қала әкімі:

- 2025-2027 жылдар аралығында мегаполисте ауаның ластануын азайту үшін экологиялық бағдарлама жүзеге асырылады. Биыл жаздан бастап автотұрақ бағасын көтерсек дейміз. Бұл әлемнің басқа мегаполистеріндегі тәжірибе көрсеткендей, қала орталықтарындағы ескі көліктердің санын азайтуға көмектеседі. Оған қоса, шығарынды деңгейі төмен аймақтар құруды көздеп отырмыз.