Блогерлер ₸73 млн салық төледі

Елімізде 12 блогер 1,4 млрд теңге қосымша табысын декларациялады. Нәтижесінде олар 73 млн теңгеден астам салық төледі. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Барлығы 854 блогерге «кірісті төмендету» бойынша заңбұзушылықтар үшін хабарлама жіберілген. Енді блогерлер 30 жұмыс күн ішінде қажет ақпаратты ұсынуы тиіс. Сонымен қатар кіріс комитетінің есебі мен блогерлердің заңдастырылған табысында 72 миллиард теңгеге жуық айырмашылық анықталған. Бұл блогерлердің салық декларацияларында көрсетілмеген болжамды табыстарын білдіреді. Олар анықталған бұзушылықтармен келіспеген жағдайда түсіндірме беруі тиіс.