Адам саудасына қарсы күрес мәселесі талқыланды
Былтыр елде адам саудасына қатысты 200-ге жуық қылмыстық іс тіркелген.
Оның 119-ы жезөкшелікпен және жеңгетайлықпен айналысуға арналған при-тондарды ұйымдастыруға қатысты болған. Мамандардың сөзінше деректердің көптеп тіркелуі арнайы заңның қабылдануына байланысты. Бүгінде республиканың 20 аймағында дағдарыс орталықтары жұмыс істейді. Өткен жылы бұл мекемелерде зардап шеккен 247 адам тиісті қызмет алған. Оларға медициналық көмек көрсетіліп, құжаттарын қалпына келтіру мен жұмыс тауып беру сынды қызметтер көрсетілді.
Тастемір Әбішев, ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары:
- Бұл жерде мемлекеттік органдар, құқық қорғау органдары жалғыз өздері жетістікке жетпейді. Олар ҮЕҰ, дағдарыс орталықтарымен, мамандандырылған ҮЕҰ, бизнес құрылымдарымен бірлесіп жұмыс істесе, сонда үлкен жетістікке жетеді. Америкада адам саудасына байланысты қылмысты жандандыру немесе оларға көмек көрсету бірінші орында. Себебі олар тығыз ҮЕҰ жұмыс істейді. Қылмыстық іс қозғалған кезде бірден тергеушілер оларды тергемейді. Алдымен әлеуметтік педагог, психолог құрбандармен жұмыс істейді. Оның сеніміне кіргеннен кейін барып полицейлерге береді. Олар әрі қарай тергеу жұмыстарын жүргізеді. Сол тиімді болып табылады.