Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл | Live

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл. Осыған орай ел аумағында 400-ден аса ауқымды іс-шара өткізу жоспарланған. Мерейтой қарсаңында ұйымдастырылған шаралардың бірі дәл қазір елордадағы Достық үйінде өтіп жатыр. Алғыс айту күнімен тұспа-тұс келген жиында Ассамблея ардагерлеріне құрмет көрсетілді.