Өскеменде құтқару қызметінің автопаркі жаңа техникамен толықты

Бүгін Дүниежүзілік Азаматтық  Қорғаныс күні. Осыған орай Өскеменде құтқарушылар қала тұрғындары үшін арнайы техникалар көрмесін өткізді. Тізілген автомашиналар ішінен түрлі жағдайға төтеп беретін «Шерп» көліктері көпшілікті бірден қызықтырды. Мамандар оған мектеп оқушыларын отырғызып, қалай жүретінін де көрсетті. Тау-қияда өрт болса немесе тасқын су басса «Шерппен» апаттан құтқару операциясын өтізуге болады. Судан өтіп, мұзға шығып кедергілерді жылдам еңсеретін бұл көліктің облыста 4 данасы бар. Қазір шекара шебіндегі аудандар да қамтылып жатыр. Апаттық-эвакуациялық операцияларға «Трэкол» автокөлігі де жиі шығады. Облыста құтқарушылар автопаркі жыл сайын жаңартылып жатыр. Былтыр 63 дана техника алынған. Алдағы уақытта әуе кемелерін алу жоспарда бар. 

Ерік Тұрсынғалиев, облыстық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері:

- Бізде орман өрті жиі болады. Соған байланысты алдағы уақытта әуе кемелерін алу жоспарлануда. Сонымен қатар орман өртінде қиын жерлерге жету үшін тағы да жол талғамайтын көлік алу жоспарда бар.