Алматыда өрт сөндіру және құтқару техникасының көрмесі өтті

Алматыда Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне орай өрт сөндіру және құтқару техникасының көрмесі өтті, деп хабарлайды 24kz.

Шара аясында төтенше жағдай қызметкерлері тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, құтқару құралдарын қолдану әдістерін көрсетті.

Алмас Сәдуақас, тілші:

- Көрмеде далалық медициналық госпиталь орналастырылды. Қажетті медициналық құралдармен жабдықталған емдеу орнында түрлі жарақаттқа хирургиялық операция жасауға болады. Мұнда жансақтау және операциялық бөлім бар. Дәрігерлер апат болған жағдайда 200 адамға дейін қызмет көрсете алады.

Алтынай Рақышева, Апатты медицина орталығының қызметкері:

- Реанимациялық бөлімде дәрігер, анестизиологымыз, госпитальді бөлімде 2 дәрігеріміз, 2 медбикеміз тұрады. Ауғанстан мемлекетінде 2023 жылы 82 адамға көмек көрсетілді. Оның ішінде 11-і балалар болды.

Мегаполистегі төтенше жағдай қызметі жылда жаңа техникамен толығады.  Әсіресе биік ғимараттан шыққан өртті өшіріп, адамды құтқару үшін арнайы техника ауадай қажет. Мысалы, автосатының көмегімен өрт сөндірушілер 90 метрге дейін көтеріледі. Көрмені тамашалуға келгендер автосатыға мініп, мүмкіндігімен танысты. Биыл осындай екі техника алынады.

Денис Ярцев, Алматы қалалық ТЖД басқарма бастығы:

- Қалада көпқабатты ғимарат көп. Егер жоғары қабатта өрт шықса, осы техниканы қолданамыз. Мысалы кеше ғана апат болған үйден балалы әйелді құтқардық. Жыл сайын осындай сатының көмегімен 50 шақты адам құтқарылады.

Жалпы көрмеге 60 техника қойылды. 200 адам жұмылдырылған шараның мақсаты – қоғамға төтенше жағдай қызметін таныстырып, қауіпсіздік қағидаларын еске салу.

Авторлары: А.Садуақас, Ә.Нарымбаев