Өскемендегі электр жарығы жиі сөнетін ықшамауданда желі ауыстырылады
Өскеменде жел соғып, боран болса электр жарығы жиі өшеді.
Бұған шағымданған халық көп. Солардың қатарында 25-ықшамауданы бар. Бұл жақта жол да, орталықтандырылған су құбыры да жоқ. Алайда осы шаруаның бәрін рет-ретімен істеу үшін алдымен электр желісі тартылу керек дейді мамандар. 23-ықшамауданындағы жағдай да осыған ұқсас. Өткен айда ол ауданда электр жарығы бір емес, бірнеше рет сөнген. Коммуналдық сала өкілдерінің айтуынша, бұл аудандағы тұрғындар үй салған кезде электр бағандарын өз ақшаларына қойған. Сондықтан энергетиктер оларға толыққанды қызмет көрсете алмай отыр. Тек апаттық жағдайда ғана көмек берумен шектелген. Енді мұндағы электер желісі толық жаңартылады.
Жанболат Ахметов, 23-ықшамаудан тұрғыны:
- Электр жарығы айына екі-үш рет сөнеді. Соңғы уақытта тіпті жиілеп кетті. Жел болсын, болмасын, жалп ете түседі. Бүкіл үйдегі тірлік тоқтап қалады. Әкімдік өкілдеріне талай жылдан бері осы мәселені айтып жүрміз. Жақында тағы да наразылығымызды жеткіздік. Енді барлығын істейміз, ретке келтіреміз деп уәде берді.
Рашид Шерубаев, қалалық ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары:
- Электр желісі құрылысын бастау туралы шешім қабылданды. Жалпы желі ұзындығы 20 шақырымнан асады. Бұл жоба іске асқан соң, 450 үй үздікіз электр қуатымен қамтылады.