«Алтын-Емелде» бес кардон салынады

«Алтын-Емелде» қосымша бес кардон салынады. Сөйтіп, Жетісу облысындағы ұлттық табиғи паркте мемлекеттік инспекторларға арналған баспаналар саны 34-ке жетеді, хабарлайды «24KZ».

Жаңа нысандар жабайы жануарлар мен аң-құсты қорғауды күшейту амалы. Мұның алдында қорықшыларға 40-тан астам жаңа техника берілді. Оның ішінде өрт сөндіру кешендері, қайықтар, мотоциклдер, квадроциклдер және жол талғамайтын көліктер бар.

Қуат Байтұрбаев, «Алтын-Емел» МҰТП директоры: 

- Жеті мәшинемен біздің балалар патрульге шығып отырады. Оның сыртында 14 мотоцикл инспекторларға берілген. Үш квадроцикліміз бар. Сондай-сондай техникалармен балалар қазір жұмыс істеп жатыр. Нәтижелері жақсы болып жатыр. Қазір, міне, аңның саны бізде көбейіп жатыр. Қарақұйрығымыз алты мың бастан асып тұр.