Жасанды интеллект 92 млн адамды жұмыссыз қалдыруы мүмкін
Алдағы бес жылда 92 миллион адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Дүниежүзілік экономикалық форумның болжамында осылай делінген.
Зерттеуде дәл осы уақыт ішінде 170 млн жаңа жұмыс орны құрылатыны туралы да айтылған. Бұл жаңа технологиялардың енгізілуіне байланысты. Яғни, болашақта жасанды интеллект көптеген мамандардың орнын алмастырып, кей қызметкерлердің керегі болмай қалады. Есесіне жаңа мамандықтар пайда болуы мүмкін.
Анна Альшанская, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Экономикалық саясатты талдау бөлімінің басшысы:
- Болашақта пошташы, кассир, банк қызметкері, әкімші сияқты мамандықтарға сұраныс азаяды. Яғни қолмен атқарылатын жұмыстарды істейтін мамандар керек болмай қалады. Себебі бұл процесстердің барлығы автоматтандырылады. Сондықтан мамандарды қайта оқыту, біліктілігін арттыруға көңіл бөлу керек.