Сарытоғайда жаңа Мәдениет үйі ашылды
Атырау облысы Сарытоғай ауылында 200 орындық Мәдениет үйі ашылды. Бүгінге дейін ауыл тұрғындары Кеңес Одағы кезінде тұрғызылып, тозығы жеткен ескі клубта бас қосатын.
Осыдан 8 жыл бұрын басталған жаңа мәдениет үйінің құрылысы 2 мердігер мекеменің жауапсыздығынан аяқталмай қалған. Бұл мәселе «AMANAT» партиясы Махамбет аудандық филиалының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасына енгізілгеннен кейін шешімін тапты. Проблемалық құрылым үшінші мердігерге беріліп, аяқталды. Енді ауыл тұрғындары жаңа мәдениет үйінің игілігін көреді. Онда көрме залы, заманауи аудио-видео жүйелерімен жабдықталған кәсіби сахна, мәдени шараларға қажетті техника бар. Бүгінде Махамбет ауданында 11 мәдениет үйі, бір ауылдық клуб және 12 кітапхана халыққа қызмет көрсетуде.
Руслан Әженов, «AMANAT» партиясы Махамбет аудандық филиалының атқарушы хатшысы:
- Нысанды алады да құрылыс компаниялар аяқтамайды. Жауапкершілігі төмендігіненосы уақытқа дейін созылған. Партия, комиссия мүшелері апта сайын келіп, ай сайын келіп осы мердігер мекемемен тығыз байланыста жұмыс жасап, осы жұмыстың аяқталуына жергілік әкімдікпен бірге жұмыс жасады.
Махуза Нұржанова, зейнеткер:
- Бүгінгі күні қуанышымызда шек жоқ. Бүкіл ауылдастар болып, ауылдың жастары осы жақсы мекемені күткенбіз. Зейнеткерлер де күтеміз, арасында келіп концерт қоятынымыз бар еді. Ризамыз. қуаныштымыз.