Қауіпсіздік ережесін сақтамаған тұтынушылар көгілдір отынсыз қалуы мүмкін
Қауіпсіздік ережесін сақтамаған табиғи газ тұтынушылары көгілдір отынсыз қалуы мүмкін.
«QazaqGaz Aimaq» компаниясы сақтық талабына енжарлық танытқан тұрғындарды газдан ажыратамыз деп ескертті. Себебі соңғы кезде төтенше жағдайлар жиілеп кеткен. Былтырдан бері 100-ден астам адам иіс тиіп көз жұмды. Бас-аяғы 254 адам зардап шеккен. Басым бөлігі газ жабдығын пайдаланарда қауіпсіздік ережелерін белден басқан.
Табиғи газдың қызығын көріп отырғандардың дені қауіпсіздікке қатысты ескертуді естен шығарып жатады. «QazaqGaz» мамандары осылай деп дабыл қағып отыр. Өміріне қауіп төнерін білсе де, газ жабдығын тексермей, ескірген құралды пайдалана беретіндер көп. Тіпті мамандардың көмегенсіз өз бетінше жөндеу жұмыстарын жүргізетіндер де бар,-дейді.
Сәлім Нағым, "QazaqGaz Aimaq" АҚ Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары:
- Заңда байланысты әр тұтынушы өзінің газ аспаптарын қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек. Бірақ та, сол көптеген адам соған немқұрайлы қарап сондай жағдайлар болып жатады. Сондықтан, біз заңға сәйкес осы қаңтар және сәуір айларында бүкіл тұтынушыларды ескертіп жатырмыз. Бірақ, сәуірден бастап қыс мезгілі біткеннен кейін сол тұтынушыларды біз ағытамыз.
«QazaqGaz Aimaq» табиғи газ тұтынушыларын қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде ескертуден кенде емес. Жылыту маусымы сайын бейнеролик, 112 нөмірі арқылы мәтіндік хабарламалар таратып отыр. Ал өңірлерде арнайы рейдтер жүргізіледі. Әр үйге арнайы жадынама да таратылады.
Сәлім Нағым, "QazaqGaz Aimaq" АҚ Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары:
- Біз ескертуді біздің өзіміздің адамдарымыз жұмысшылар арқылы обход жасап бәріне жіберіп жатырмыз. Сол ескерту астына әр тұтынушының қолын алып жатырмыз. Көбінесе газбен жағдай болған кезде ол мына газ мұржасының дұрыс жасамауы сол біздің көп кездесетін сол газ мұржасының жұмыс жасамауы, газ несінің қазандығының ескіруі, үйде сигнализатордың болмауы, газ уланған кезде сигнализатор болу керек.
Жазатайым жағдайдың алдын алу үшін қарапайым ғана ережеге бағынған жөн. Мамандар газ мұржасы мен желдету арнасын үнемі тексеріп отыру қажеттігін айтады. Бұл көгілдір отынды тұтынған адамның тікелей міндеті.
Айнұр Қуатқызы, Асхат Қарақойшиев