Көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыруға ₸206 млрд бөлінді

206 млрд теңге. Биыл Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге осынша қаржы бағытталды, деп хабарлайды 24kz.

Мемлекеттің қаржыландыру игілігіне 1800-ден астам шаруа ілікті. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында мәлімдеді. Айтуынша, егіске 700 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген несие беріледі. Ал жалпы, биыл кемінде 8 млн га егіс алқабын қамту жоспарда бар.