Алматыдағы барлық емханаларда Face ID жүйесі енгізіледі

Алматыдағы барлық емханаларда жыл соңына дейін пациенттердің жеке басын анықтайтын Face ID жүйесі толықтай іске қосылады, деп хабарлайды 24kz.

Бұл жүйе алғашқы медициналық-санитарлық көмекті ыңғайлы әрі қолжетімді етуді мақсат етеді. Цифрлық технология емдеуді тағайындау, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және рецепт жазу процесін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Дәрігер қабылдауына келген пациент өзінің жеке басын сандық құжат немесе 6 таңбалы код арқылы растай алады. Қазіргі уақытта бет-әлпетті тану жүйесі қаладағы емханалардың 70% енгізілген.

Гүлжан Ерланқызы, №4 қалалық емхананың сапа бойынша менеджері:

- Бұл қалалық емханаларда Face ID технологиясын қолдана отырып, пациенттерді сәйкестендірудің жүйесі іске қосылуда. Бұл жаңалық тіркеу жағдайларын болдырмауға және медициналық есептің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.