Алматы әкімі әуежай қызметкерін құтқарған азаматты марапаттады

фото: gov.kz

Алматыда әуежай қызметкерін құтқарған Мұса Әбдірайымға Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Ерлігі үшін» медалі табысталды, деп хабарлайды 24kz.

Төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін берілген төсбелгіні Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев тақты. Сондай-ақ батырға ақшалай сыйақы берілді. Кеше Алматы халықаралық әуежайында жолаушы қолына пышақ алып, қызметкерді кепілде ұстаған еді. Батылдық пен шапшаңдықтың арқасында 52 жастағы Мұса қаршадай қыздың өмірін сақтап қалды.

Мұса Әбдірайым, қала тұрғыны:

- Құрметті Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы, бүгінгі Сіздің «Ерлігі үшін» берген маратына алғысым шексіз. Елімізге тыныштық береке беріп, мына өсіп келе жатқан жастарымызға әрқашан да осындай бір-бірімізге демеу болатындай ерлер өсуге тілектеспін!