«Шекара аруы – 2025» фотобайқаудың жеңімпазы анықталды

«Шекара аруы-2025» байқаудың жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды 24kz.

8 наурыз қарсаңында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі  арнайы байқау өткізіп, оған елдің әр аймағынан 22 үміткер қатысты. Жеңімпазды анықтау үшін ведомствоның Instagram-дағы ресми парақшасында дауыс беру жарияланған. Желіде әр оқырман өзінің сүйікті әскери қызметшісіне дауыс берді. I орынды иеленген қызметкер 1 млн-нан астам дауыс жинаған.

«Мұндай іс-шара әйелдердің әскери саладағы маңыздылығы мен рөлін арттыруға ықпал етеді», - дейді ұйымдастырушылар.