Астанада әскери дәрігерлерге құрмет көрсетілді

Мерекеге орай Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы Тілеухан Басқожаев Бас әскери-клиникалық госпитальға барды.

Ол дәрігерлер мен ем алып жатқан қыз-келіншектерді Қорғаныс министрінің атынан құттықтап, дәрігер әйелдерге адал қызметі мен жанқиярлық еңбегі үшін алғыс айтты. Ем алушылар дәрігерлердің қиын әрі жауапты қызметтегі еңбектерін ерекше атап өтіп, алғыс білдірді. Сондай-ақ кездесу барысында госпиталь қызметкерлері ілтипат танытқан министрлік басшылығына ризашылықтарын жеткізді.