Бірыңғай уақыт белдеуі: Үкіметте мониторинг қорытындысы баяндалды
Бірыңғай уақыт белдеуі халық денсаулығы мен еңбек өнімділігіне әсер етпейді. Үкімет отырысында cауда және интеграция министрі бірыңғай уақыт белдеуіне көшудің халық денсаулығына әсеріне қатысты жүргізілген мониторинг қорытындысын баяндады деп хабарлайды 24kz.
Мониторингке медицина, нейроғылым, биофизика, генетика, астрофизика, физиология саласындағы ғылыми-зерттеу институттары тартылды. Зерттеуде кешенді тәсіл қолданылған. Деректерді талдау, сауалнама жүргізу және бірыңғай уақыт белдеуіне ауысқанға дейінгі және кейінгі көрсеткіштерді салыстыру жүргізілді. Яғни, халық денсаулығына, энергия тұтынуға, еңбек тиімділігіне, оқушылардың үлгеріміне және басқа да аспектілерге әсерін бағалау бойынша 40-тан астам метрикалық көрсеткіш қамтылды.
Еске сала кетейік, Шығыс Қазақстанның бірқатар ауданданында бірыңғай уақыт белдеуіне көшуге байланысты жұмыс кестесіне түзету енгізілген. Арман Шаққалиев жұмыс уақытын оңтайландыру бастамасын қолдағанын хабарлады. Мониторинг бірыңғай уақыт белдеуін енгізу туралы қабылданған шешімнің теріс әсері жоқ екенін көрсетті. Осылай деген Премьер министр Олжас Бектенов Мәжіліспен бірлесіп, тиісті жұмысты ұйымдастыруды тапсырды.