Көкшетауда «Көктемге дайындық» акциясы өтті
Ақмолалық еріктілер мен құтқарушылар жалғызлікті қариялардың үйіне барып, ауласын қардан тазартты.
Алдымен қарт кісілердің аты-жөні мен мекенжайын анықтап алды. Кейін үй-үйді аралап, көмек қолын созды. 300-ге жуық қария нақты көмек алды. Қар шығару жұмыстары көктемгі тасқынның алдын алу үшін жасалып жатыр. Сондықтан бұл шара «Көктемге дайындық» акциясы аясында ұйымдастырылды.
Ерсайын Қойшыбаев, облыстық ТЖД ресми өкілі:
- Осы акция басталғалы шамамен 200-ге жуық ауланы қардан тазарттық. 300-ге жуық қарияға көмектестік. Қазір қаланы қардан тазарту жұмыстары қарқын алды. Тек өткен аптаның өзінде 160 мың текше метр қар шығарылды.
Анна Сергеева, қала тұрғыны:
- Алғыстан басқа айтар сөзім жоқ. Өзіме тазалауға қиын еді. Міне жастар көмекке келіп, қуанып қалдым. Көп рақмет.