Алматыда «Борышкер» іс-шарасы өтіп жатыр

Алматыда «Борышкер» жедел-профилактикалық шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды 24KZ. Оның мақсаты – әкімшілік айыппұл, салық берешегі және алимент төлемдерін өндіруге бағытталған.

Шараны полицейлер, мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері және жеке сот орындаушылары бірлесіп атқарады. Ол үш күнге жалғасады. Осы уақытқа дейін 9 адамның көлігі айып тұрағына қойылды. Мысалы, былтыр осындай жұмыс нәтижесінде 66 жүргізуші 13 миллион теңгеден астам қарызын өтеген. Тәртіп сақшылары миллиондаған теңге айыппұлы барлардың қалың нөпірдің арасында назарға ілікпей жүре бергісі келетінін айтады.

Данияр Ниязұлы, патрульдік полиция инспекторы:

- Өзімнің тәжірибемде, өзімде болғаны, алдында 2,5 миллиондай несін бір автокөлікке хабардар етіп, таныстырып. Айыппұлы төленбеген. Осы «Қорғау», «Сергек» камераларына түскен. Ондай жағдай болса, айыптұраққа қойылады көлігі. Сосын төленгеннен кейін шығады.