Жылу энергетикасы инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жалғасады

Ұзақ жылдар бойы жылу энергетикасы секторына тиісті көңіл бөлінбей келді. Республика бойынша инфрақұрылымдық желілердің тозу деңгейі 65%-ке, ал жекелеген өңірлерде тіпті 90%-ке жетті, деп хабарлайды 24kz.

Бүгінде Президенттің басшылығымен елдің инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр.

Қазір энергетика және коммуналдық салалардағы дағдарыстың ауыр кезеңі еңсерілді. Егер 2019 жылы жылу көздерінің орташа тозу деңгейі 71%-ке жетсе, қазір оны 61%-ке дейін төмендетуге мүмкіндік туды. Бұл жұмыс жалғасады. Былтыр 86 мың шақырым инженерлік желіні жаңғыртуды, сондай-ақ жаңа қуат көздерін іске қосуды көздейтін Ұлттық жоба іске аса бастады. Бұл технологиялық апаттар санын 20%-ке қысқартуға, елдегі энергетикалық және коммуналдық секторлардың тозу деңгейін орта есеппен 40%-ке азайтуға, генерацияны 7 ГВт-тан арттыруға мүмкіндік береді.