Елімізде құрылыс саласы рекордтық өсу қарқынын көрсетті

Құрылыс индустриясы да рекордтық өсу қарқынын көрсетті, деп хабарлайды 24kz.

Былтыр пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 2018 жылмен салыстырғанда 51,4%-ке артып, 19 миллион шаршы метрге жетті.

2019-2024 жылдар аралығында елде 97,8 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Осылайша, ондаған мың отбасы жылжымайтын мүлік сатып алуға және тұрмыс деңгейін жақсартуға мүмкіндік алды.