«Қазақстан балалары» бағдарламасы қабылданады
Бурабайда өткен IV құрылтайда ел үшін аса маңызды бірнеше мәселе талқыланды, деп хабарлайды 24kz.
Мемлекет басшысы ұрпақ тәрбиесінен бастап тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға дейінгі өзекті тақырыптарға тоқталып, нақты іс-жоспарды жариялады. Ол жергілікті билік өкілдері мен қоғам белсенділерінің бірлесіп, тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін «Қазақстан балалары» атты бірыңғай бағдарлама қабылдау қажеттігін атап өтті. Келелі жиынның маңызы Шымкент тұрғындары арасында да қызу талқылануда.
Блиц 1:
- Жалпы патриоттық тәрбиені қалыптастыру бұл біртұтас кешенді жүргізілетін құбылыс деп есептеймін. Жалпы бізде осындай бағдарламалардың жоқтығынан әлімжеттіктер, қоғамдағы түрлі келеңсіздіктер бағдарламаның жетіспеушілігінен болып жатыр деп ойламаймын. Мәселе солардың жұмыс істеуінде болып тұр.
Блиц 2:
- Кибербулинг болып жатқанының тағы бір әсері – ол қазіргі таңда әлеуметтік желідегі ретсіз видеолар. Ретсіз челлендждер. Расында кеше ғана көкшенің төрінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы керемет айтты. Қазіргі таңда мына экраннан көрсетіліп жатқан кинофильмдер, мультфильмдерге баса назар аударуымыз керек.
Блиц 3:
- Болашақ Қазақстанның балалары қандай болуы керек дегенді меңзеп отыр. Демек, осы бағдарламаның тұсында жұмыс істеу арқылы біз өзіміздің зиялы қауымды құратындай, келешекте біздің ұрпағымыз деп мақтанатындай, азаматты тәрбиелейтіндей бағдарлама болуы керек деп ойлаймын.