Сенат Су кодексін Мәжіліске қайтарды
Бүгін Сенат депутаттары Су кодексі мен ілеспе құжаттарды екі оқылымда талқылаған соң жекелеген баптарды жаңа редакцияда ұсынып, Мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды 24kz.
Құжат аясында су объектілерін ұтымды пайдалану, стратегиялық жоспарлауды енгізу, гидротехникалық құрылыстарды басқаруға басымдық берілген. Сондай-ақ су ресурстарының мониторингі мен басқарудың ұлттық ақпараттық жүйесін құру көзделіп отыр.
«Жаңа кодекс аясында суды ұтымды пайдалану, ысырапты азайту және су үнемдеу технологияларын енгізу, баламалы су көздерін жинақтау әрі пайдалану мәселелеріне көңіл бөлінеді», - деді сенаторлар.