Академик: Қазақстанның жетістіктері – бірлік пен ынтымақтың жемісі

Ынтымағы жарасқан елдің ырысы мол. Наурызнама жалпыұлттық онкүндігі аясында ұлықталған мерейлі мерекенің әр жан үшін маңызы ерек. Мағынасы терең. Жалпы халық бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулық пен бірлікті насихаттайды. 

Ынтымағы жарасқан елдің болашағы жарқын. Осынау аталы сөздің мағынасы қай уақытта да өз маңыздылығын жоғалтпаған. Қазақ ежелден «ырыс алды – ынтымақ» дейтін. Ырысың молайсын десең береке, бірлікте бол дегені ғой. Осы тұста Қазақ елін үлгі тұтатындар көп. Себебі татулық пен береке – еліміздің баға жетпес байлығы. Бұл күні өкпе-ренішті ұмытып, татулыққа бет бұру қажет. 

Батырхан Жұмабай, этнограф:

- «Ынтымақ бар үйде береке бар» дейді қазақта. Ал берекелі үй ол мерекелі үй шаңырақта әрқашан да. Сондықтан да ынтықмақтан ажырамаған ол күні сол өкпе-реніш, ашуды қойып, яғни татуласып, көрші-қоланмен араласып, қазіргі таңда урбанизация кезінде үлкен жанадан алғаш үрдіс деп ойлаймын, яғни ауыл жерлерде, бұрынғы салатын болсақ, мына жерде көрші қолаң бұрыннан бері араласады, өзімнің бала кезімізден білеміз.

Елімізде былтырдан бастап Наурыз мерекесі ерекше атап өтіледі. Осылайша Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Президент әз-Наурыздың мәртебесін көтерді.

Кәрімбек Құрманәлиев, ҚР ҰҒА академигі:

- Жалпы азаматтық қоғам мен биліктің арасындағы диалог алаңына айналған Ұлттық құрылтайда осы бірінші отырысы үлкен мәселе көтеріліп жүр. Соның бірі былтыр енген наурыз біздің әз-Наурызды тойлау концепциясы өзгеріп, бұрынғыдай 1 күнде емес, 2 күнде емес, 10 күн бойы тойлайтын болдық. Әр күнге арнайы сол бір арнайы бөлінген күні ынтымақ қой. «Ырыс алды – ынтымақ» дейді. Бірлік, достық, соның барлығы біздің ертең біз енді мәңгілік ел боламыз, үлкен алпауыт 30 елдің қатарына қосыламыз десек, біз немен қосыламыз? Осы ынтымағымызбен, бірлігімізбен. Ырысты ынтымақ, берекелі бірлік болмай, ол дамымайды.

Ал Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі сан салалы істері, тұтастай жеткен жетістіктері – тек бірліктің, ынтымақ пен тыныштықтың жемісі. Академик Кәрімбек Құрманәлиев осылай дейді. Себебі мұндағы ұлт пен ұлыстың татулығы әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаға ие екені жасырын емес.

Авторлары: Айнұр Қуатқызы, Нұрсұлу Өмірхан