Әскерилер соғыс ардагерін Наурыз мерекесімен құттықтады

Әскерилер Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Иван Макеевті Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды 24kz.

Батырға құрмет көрсету үшін «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Ержан Ыбыраев арнайы барды. Сондай-ақ әскери оркестр ардагердің сүйікті әуендерін орындап, нағыз мерекелік көңіл-күй сыйлады. «Тағылымға толы кездесудің өскелең ұрпаққа өнегесі мол», - дейді ұйымдастырушылар.