Шығысқазақстандық полицейлер киберқауіпсіздіктің қыр-сырын үйретіп жүр

Шығысқазақстандық тәртіп сақшылары елде жоқ ерекше жоба бастады, деп хабарлайды 24kz.

Полиция қызметкерлері жоғарғы оқу орындарына барып, интернет алаяқтықтан сақтанудың жолдарын насихаттап жүр. Осылайша, олар аптасына бір рет мұғалімдер мен студенттердің басын қосып, арнайы дәріс өткізеді.Кибер қылмысқа қарсы басқарма өкілдерінің айтуынша, жыл басынан бері интернет алаяқтарға алданған 200-ге жуық тұрғыннан шағым түскен. Арасында жастар да бар. Ал әр студенттің үйіне барып, ғаламтордағы құйтырқы әрекеттер туралы айтып шығу мүмкін емес. «Сондықтан олармен осылай бетбе-бет әңгіме өрбіткен нәтижелі болмақ», - дейді мамандар. Полиция қызметкерлері білім басқармасымен бірлесіп, мектеп мұғалімдеріне де осындай дәріс өткізбек.Тіпті шалғайдағы білім беру ошақтарын да қамтуды көздеп отыр.

Нұрай Арыстанбек, ШҚО ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аға-жедел уәкілі:

- Ең басты мақсаты жастарымыздың қаржылық сонымен қатар цифрлық сауаттылығын арттыру, сонымен қатар интернет алаяқтыққа тосқауыл беру. Бүгінгі таңда жалпы киберқылмыстар тіркелуі көбеюде. Сол себептен ең бастысы олардың алдын алуға бағытталған профилактикалық шаралар ең негізгі бағыт болып табылады. Сол себептен оны осы жастардың сауаттылығынан бастағанды жөн көрдік.